Компанияның негізгі қызметі ұңғымаларды бұрғылау және жөндеу болып табылады. Компания жоғары сапалы қызмет көрсетуге, озық әлемдік технологияларды тартуға және енгізуге, сапа мен қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қамтамасыз етуге, кадрлар мен ТЖҚ (тауарлар, жұмыстар және қызметтер) жергілікті қамту деңгейін сақтауға үлкен көңіл бөледі.
Қазіргі уақытта KPDC ұжымы бұрғылау саласындағы жоғары білікті мамандардан, 100% жергілікті кадрлардан тұрады. Жұмыстарды орындауға әлемдік салаларда тәжірибесі бар шетелдік кеңесшілер тартылған.
2018 жылдан бастап KPDC Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнында жұмыстарды орындауда, кен орны операторы - Karachaganak Petroleum Operating B.V.
Біз озық технологияларды қолданамыз ҚМГ Паркер өз қызметінің барлық бағыттары бойынша ең жоғары көрсеткіштерге байланысты, рекордтық нәтижелерге қол жеткізді. Біздің компания технологиялық дамуға сүйенеді және стратегиялық мақсаттарға жету үшін озық шешімдерді енгізеді. |