Еңбек қауіпсіздігі, Техникалық қауіпсіздік және Қоршаған ортаны қорғау саласындағы көшбасшылық және мәдениет» бағдарламасы аясында салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Safety Leadership & Culture бағдарламасы аясында «КМГ Паркер Дриллинг Компани» ЖШС-нің қауіпсіздік техникасы жөніндегі координаторы Жиенбаев Азамат Орынгалиевич Қарашығанақ кен орнында қауіпсіздік мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» б.в компаниясының бас директоры Марко Марсилидің алғыс хатымен марапатталды
Азамат Жиенбаев Train-the-Trainer бағдарламасы бойынша оқуын сәтті аяқтап, нағыз өзгерістерді жүзеге асырушы тұлғаға айналды. Оның оқыту бағдарламалары, өндірістік жаттықтырулары және жеке үлгісі арқасында ұжымда әрбір қызметкердің өзінің қауіпсіздігіне де, әріптестерінің қауіпсіздігіне де жауапкершілікті сезінетін мәдениет қалыптасуда.
Әр адамның дауысы маңызды болатын, сондай-ақ қауіпсіздік басты құндылық болып саналатын орта қалыптастырудағы оның қосқан орасан зор үлесі басшылық тарапынан жоғары бағаланды
Компаниямыздың атынан осындай белсенді және кәсіби қызметкерлердің барын біз мақтан тұтамыз.